Оқиға
1 мин оқу 120
Ақмолада өзгенің көлігін айдап кеткен үш бозбала ұсталды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының тәртіп сақшылары жеке үй аумағынан автокөлік ұрлап кеткен жасөспірімдерді қолға түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Polisia.kz сайтының жазуынша, осы жылғы 24 маусымда Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Subaru Legacy автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түскен, шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құраған.
Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілер ретінде сол маңдағы ауылдардың бірінің 16 жастағы үш тұрғынын анықтады.
Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті.
Бөлісу:

