Айбын
3 мин оқу 75

Ғылым жолындағы офицер

<p style="text-align: justify;">Әскери ғылым &ndash; аса көп талқыланбайтын, көптің қызы&shy;ғушылығын тудыра бермейтін бағыт. Ілуде біреу ғана болмаса, екінің бірі әскерде жүріп ғылымға бет бұрмайды. Десе де &laquo;қалауын тапса, қар жанатыны&raquo; секілді, ізденген мұратына жетері анық. Ұлттық ұлан академиясындағы Жалпы білім беру пәндері кафедрасы бастығының орынбасары, майор Бақыт Қалиев &ndash; әскер сапындағы әлеуметтік ғылымдар магистрі.</p>

Ғылым жолындағы офицер

Бақыт Ақанұлы академия­да 2015 жылдан бері қызмет ат­қарады. Оған дейін Солтүстік Қа­зақстан облысындағы М.Қозыбаев уни­вер­ситетінде оқытушы болып жұмыс істеген. Оған дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тарих және дін мамандығы бойынша магистратурада білі­мін шыңдаған.

«Жалпы білім беру кафедрасында қызмет ете­мін. 90-нан астам ғылыми мақала, 2 ғы­лы­ми монография жаздым. Бір мо­нографиям «Мәдени мұра» бағ­дарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының тарихы, ­архитектурасы, ескерткіштері, ­археологиясы тақырыбында бір­неше ғалымның қатысуымен жазылды. Бұл еңбекті жазып шығу­­ға үш жыл уақытымыз кетті. 900 беттен тұратын зерттеуіміз барлық ­өңірдегі кітапханаларда бар. 2015 жылы сол кездегі Ұлттық ұлан бас қол­басшысының бұйрығы­мен академияда жаңа кафедра ашылды. Бұған дейін бұл басқа кафедра құрамында болған. Осы кезеңде ол жеке кафедра болып құрылды. Жаңа штат жасақтал­ды. Бізге кафедраның деңгейін көтеру жүктелді. Мақалалар жаза бас­тадық. Бұл жерде бұрын курсанттармен ешкім ғылыми жұмыс жүргізбеген екен. Курсанттар­дың ғылыми қауымдастығымен жұмыс жүргізе бастадық. 2017 жылы Қостанай­да орналас­қан Ш.Қабылбаев атын­дағы ІІМ академиясында курсанттар арасында халықаралық ғылыми конкурс болды. Оған өзге мемлекеттерден қатысушылар келді. Еліміздің де өзге әскери ведомстволарынан үміткерлер қатысты. Конкурста біздің ака­демия курсанттары бірінші орын иеленді. Олар әскерге мемлекеттік тілді енгізу тақырыбын қорғады. Кур­санттар арасындағы діни толе­ранттылық пен қарым-қаты­нас мәселесін кө­терді», дейді акаде­мияның қатарынан екі рет үздік оқытушыcы атанған Бақыт Ақанұлы.

Ұстаз бен шәкірттерінің же­тіс­тіктері мұнымен тоқталып қал­ған жоқ. 2022 жылы ІІМ-нің ведомствоаралық конкурсына қа­тысып бірінші орын алғаны тағы бар. Тақырыбы – «Коронави­рус пан­демиясына байланысты жа­рия­ланған төтенше жағдай кезінде онлайн сабақ өткізу». Нақтырақ айтқанда, курсанттар мен оқытушылар арасындағы интернет байланысы кезіндегі қауіпсіздік мәселесін жан-жақ­ты көтеріп, оқу үдерісін жалғасты­ру жолдары зерделенді. Бақыт Ақанұлының айтуынша, сол кезде үздік атанған курсанттар бүгінде әскер қатарында лауазымды қызметтер атқарып жүр. Қуантатыны сол, сарбаздар­ды ғылым саласына баулитын дәстүр жал­ғасып келеді. Оқыту­шылар бірінші курсқа келген курсанттар арасынан ғылым-білімге жақын бірнеше баланы іріктеп, оларға ғылыми ізде­ністің алғышарттары мен ма­қала жазудың қыр-сырын үйре­теді. Осыдан бірнеше ай бұрын академия курсанттары Алматыда өткен халық­аралық ғылыми жұмыс бай­қауынан олжалы оралды. Бұл жолы олар су тасқыны мысалындағы оқу үрдісі жайын­­да жоба қорғап шықты. Академияда курсанттардан бөлек, оқытушылар құрамы да ұдайы білімін жетіл­діріп отырады.

«Былтыр біздің кафедра­дан үш адам Ташкент қаласында­ғы Қоғамдық қауіпсіздік универ­си­тетіне доктарантураға оқуға түс­тік. Биыл бірінші курс бітіріп жатырмыз. Оқу демалысын алып, ем­тихан кездерінде барып келе­­тін мүмкіндігіміз бар. Қазір ғылыми жетекшілеріміз­бен танысып, өзі­міз зерттейтін тақырыптарды ай­қын­дадық. Докторлық жұмы­сым­­ның тақырыбы – «Қазақ­стан мен Өзбек­станның әскери жоғары оқу орындары арасында академия­лық ауысым жұмыстарын ұйым­дас­тыру». Мәселен, азамат­тық ортадағы жоғары оқу орындарында білім алатын сту­денттер шетелдік білім орда­ларына ака­демиялық ауысым­мен бара алады. Яғни сол жақ­та кемінде бір семестр білім алып, тәжірибе алма­сады. Осын­дай мүмкіндіктер­дің әскери білім ордаларында да болға­нын қа­лаймын. Бұл бакалаврдан бөлек, магистратурада білім алатын офицерлер үшін маңызды саналады», дейді Б.Ақанұлы.

Қызметіне шын берілген оқы­тушы отбасылық өмірін де назардан тыс қалдырмаған. Бала­ларының да білімді, елгезек азамат болып өсуі үшін лайықты тәрбие беріп жүр. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бүгінде кейіпкеріміз­дің үлкен баласы Ыстанбұл мем­­лекеттік университетінде халық­аралық құқық және сауда ма­ман­­дығы бойынша 4-курста білім алып жатыр. Ал екінші ұлы мектепте үздік оқиды. Үйдің кенжесі бір жаста. Қауырт қызметте жүрсе де әс­кери ғылымның дамуына үлес қосып, отбасы алдындағы жауап­кершіліктің жүгін ұмытпаған ұландықтың Отан алдындағы міндетіне де мінсіз боларына күмән жоқ. 

Бөлісу:
Ғылым жолындағы офицер · Egemen Qazaqstan