Төтенше жағдай
1 мин оқу 140

Алматыда жеке тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

<p>Алматыда Әуезов ауданында 7 қыркүйекте түнде жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда жеке тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, бірақ нысанды оттан аман алып қалу мүмкін болмады, үй түгелімен жанып кетті.

 -ТЖМ күштерімен 120 шаршы алаңды қамтыған өрт сөндірілді.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілмеді, - делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Алматыда жеке тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті · Egemen Qazaqstan