Аймақтар
1 мин оқу 801
БҚО-да құтқарушылар ірі жарылыстың алын алды
<p>Батыс Қазақстан облысында жарылыстың алды алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылында гараж өртеніп, өрт жақын орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырына ауысты, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 оттегі баллонын тауып, оларды суытып, қауіпсіз жерге алып шықты, – деп қосты ведомство.
Өрт сөндірушілердің күшімен 160 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
