Әлем
1 мин оқу 172
Ташкентте жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Ташкентте магнитудасы 3,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ сейсмикалық болжамды бақылау республикалық орталығы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталық ұсынға мәліметке сәйкес, жер сілкінісі 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 05:45-те тіркелген.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданында болған.
Өзбекстан аумағындағы жерасты дүмпулерінің күші:
- Мирзо-Ұлықбек ауданы - 2 балл;
- Мирабад ауданы - 2 балл;
- Шайхантахур ауданы - 2 балл;
- Яшнабад ауданы - 2 балл;
- Алмазар ауданы - 2 балл;
- Яккасарай ауданы - 2 балл;
- Чиланзар ауданы - 2 балл.
Бөлісу:

