Оқиға
1 мин оқу 101

Алматы облысында 10 жасар бала жартастан құлап жарақат алды

<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға Алматы облысының Қарасай ауданы аумағындағы Проходное шатқалындағы Терра алаңында болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында 10 жасар бала жартастан құлап жарақат алды

Баланың жартастан құлағанын көздері шалған сол аймақта жүрген туристер 112 пультіне қоңырау соққан.

Хабарламада: «ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы шақыру орнына келіп, баланың құлауы салдарынан бұғанасының жабық сынуы, бас жарақаты және көптеген дене жарақатын алғанын анықтады», делінген.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жасөспірім «Қазавиақұтқару» тікұшағымен ауруханаға жеткізілген.

Бөлісу:
Алматы облысында 10 жасар бала жартастан құлап жарақат алды · Egemen Qazaqstan