Қазақстан көкпаршылары Өзбекстан құрамасын ірі есеппен жеңді
<p style="text-align: justify;">Елордада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел қоржынындағы алғашқы жеңісті көкпаршылар тіркеді. Қазанат ипподромында өткен тартысты бәсекеде ұлттық құрама Өзбекстан шабандоздарынан басым екенін дәлелдеді. Қазақстан пайдасына 16 - 0 есебі тіркелді.
Көкпар сайысында құрама жігіттері сауатты тактика жүргізіп, қарсыластарына салым салуға мүмкіндік бермеді. Осылайша Қазақстан құрамасы А тобындағы көкпардың бірінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.
