Оқиға
1 мин оқу 290

Алматыдағы әскери институттан сержанттың денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтынан сержанттың денесі табылғаны туралы ақпарат тарап жүр. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыдағы әскери институттан сержанттың денесі табылды

Марқұмның жасы 44-те болған. Ресми орган сержанттың өлімі туралы оқиғаны растады, бірақ оның қайда, қалай болғаны туралы мән-жай әлі анықталып жатқанынын алға тартты.

Әскери тергеу органы оқиғаға байланысты істің анық-қанығын зерттеуге кіріскен.

«Аталған факті бойынша оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша өзге ақпарат жария етілмейді», делінген ІІМ хабарламасында.

Бөлісу:
Алматыдағы әскери институттан сержанттың денесі табылды · Egemen Qazaqstan