Ауа райы
1 мин оқу 210

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер осы айдың 17, 18, 19 күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстік жартысына ғана циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі де болжанған. Түнде және таңертең  солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста тұман күтіледі, қыркүйектің 17-19 күндері 2-5 градусқа дейін аяз болады.

Хабарламада: «Күндізгі ауа температурасы бойынша республиканың батысында +20..+28, солтүстік-батыста +12...+23, шығыста +5...+20, оңтүстікте +20...+30, елдің солтүстігінде және орталығында +10...+ 20, оңтүстік-шығыста +17...+28 градус күтіледі», делінген.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады · Egemen Qazaqstan