Ғылым
1 мин оқу 160

Бидайдың генетикалық коды

<p style="text-align: justify;">Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермек&shy;&shy;баев Орталық Азия мемлекеттерінде өсетін бидайдың гене&shy;ти&shy;калық кодын анықтап, жылдам селекция&shy;лау жолдарын зерттеп жатыр.</p>

Бидайдың генетикалық коды

Оның «Орталық Азия бида­йы­на толық геномды сканерлеу, авто­мат­тандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» тақырыбындағы жобасы Ғылым және жоға­ры білім министр­лігінің грантына ие болды. Үш жылға жоспарланған жұмыс нәтиже­сінде 450-ге тарта бидай сұрыбының генетикасы стандартталады.

«Белгілі бір ортаға бейімді сұрыпты шығаруға 14-12 жыл уақыт кетеді. Бұл – өте ұзақ уақыт, көптеген ресурс­ты талап етеді. Ал мен зерттеп жатқан терең генетикалық талдау аталған уақытты алты есеге дейін қысқартады. Бір дақылдың генетикалық коды 16 мил­лиард әріптен тұрады. Компью­тер­лік өлшеммен алғанда әрбірінен 16 гигабайт ақпарат алынады. Соны­мен қатар жылдам селекциялау бағы­ты­ның ауқымы кеңейеді», дейді Қанат Ермек­баев.

Жас ғалым осы жоба аясында Орта­лық Азия бидайының толық геном­дық генетикалық (Whole Genome Sequencing) мағ­лұмат­тарын алып, зерттей бастады. Сондай-ақ Орта Азия бойынша алғашқылардың бірі болып Жетісу университеті база­сында құрылған «Speed Breeding» платформасы кеңейтіліп, «Ұшқыш­сыз ұшу аппараты» қолданылмақ. Ең маңыздысы, «Speed Breeding», яғни жылдамдатылған селекция­ техно­ло­гиясының толық әле­уеті ғалым­­дарымызға бір жылда алты рет өнім алып, еліміздегі дән­ді-дақыл­дардың селекциясын айтар­лық­тай жыл­дамдатуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Бидайдың генетикалық коды · Egemen Qazaqstan