Өнер
2 мин оқу 90

Лондонда топ жарды

<p style="text-align: justify;">Өнерде шекара жоқ. Өнерде талай тағдыр бар. Тасты жарып шыққан талант та өнер биігін бағындыра алатыны сөзсіз. Күні кеше ғана Лондоннан сүйінші хабар жетті. Елордалық Абылай Мұстафин Лондонда өткен &laquo;Алтын уақыттың дарыны&raquo; өнер байқауында ортасынан оза шауып, бас жүлдені еншіледі.</p>

Лондонда топ жарды

Жас талант халықаралық кон­­­­­курста Қазақстан автор­лар­ы­­ның шығармаларын форте­пиа­нода орындап, шетелдік қа­зы­­лардың жоғары бағасына ие бол­ған. Айта кетейік, Абылай – Астанадағы Жұмабек Тәшенов атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы. Сондай-ақ Роза Бағланова атындағы №2 му­зыкалық мектепте білім алады. Зағип болса да өнерге құштар. Бірінші топтағы мүгедек адамның мүмкіндігі шексіз деп
санайды.

Еске салсақ, жас өнерпаз бұған дейін «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Жұлдызай» бай­қауында лауреат атанса, бү­гін халықаралық өнер додасында топ жарды. «Жеңімпаз болып жат­қаныма бақыттымын. Мүм­кін­дік бергені үшін музыкалық мек­теп мұғалімі Олеся Ивановна­ға, анам мен әкеме рахмет», ха­лық­ара­лық байқаудың бас жүлде­гері.

Абылай есепке де жүйрік. Германия, Түркияда менталды арифметикадан өткен олимпиадада топ жарып, жүлделі орынға ие болған. Жас өрен болашақта IT саласының маманы болуды қалайды.

Сондай-ақ аталған өнер додасында алматылық суретші Әсем­гүл Сүлейменова да бас жүл­дені жеңіп алды.

«Менің басты мақсатым – қа­зақы нақыштағы суреттерімді әлемге таныту. Біздің елімізде де өнер адамдары көп екенін, бар екенін білдіргім келеді», дейді Әсемгүл Сүлейменова.

Аталған байқауға елімізден барған үміткерлер көп. Атап айт­сақ, ағайынды Гүлімай, Дін­мұхаммед, Нұрбақыт Талап сах­наға шығып, ұлттық өнері­мізді әйгіледі. Домбырада қазақ күйін күмбірлетті. Додаға балалармен қатар кәсіби музыканттар да қатысты. «Біріншіден, үрлеме­лі аспап квинтетімізге биыл 20 жыл толып отыр. Осы орайда бұл байқауға арнайы келдік. Ұлт­тық өнерді танытып, қазақтың тұрмыс-салтын, сан түрлі дәс­түрін көрсетуді мақсат еттік», дей­­­ді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясының про­фес­соры Жанат Ерманов.

Биыл төртінші жыл қата­ры­нан өтіп жатқан «Ал­тын уақыт­тың дарыны» халық­аралық бай­қауын Украина азаматтары ұйым­дастырып отыр. Олар музыка, бей­нелеу өнері, хореография және басқа да ата­лымдар бойынша ­он­лайн ірік­теуден өткен 25 елдің өкілін Ұлыбританияға шақырған. Бай­қауға қатысу ақылы. Одан бөлек виза және жол шығындары бар. Ал қазақ өнерпаздарының Лон­донға баруына демеушілер қолдау көрсеткен.

«Үлкен дарын иелеріне ар­нал­ған дүбірлі дода көп. Біз­дің байқауға өзін әлі танытып үл­гермеген, бірақ талантты өнер адам­дары қатысады. Бес жас­тағы баладан бастап жет­піс­тен асқан қарияға дейін сахнаға шы­ғып жатыр», дейді байқау ұйым­дас­тырушылары.

Жеңімпаздардың есімдері байқаудың ресми сайтындағы үздіктер тізіміне енгізіледі. Сон­дай-ақ озық оқу орындарынан шақырулар алып, шетелдік компаниялар оларға қызметтер ұсы­ну мүмкіндіктері де кездеседі. Қатысушылар дарындылар визасына ие болып, Ұлыбритания мен АҚШ-та өнерлерін шыңдай алады. 

Бөлісу:
Лондонда топ жарды · Egemen Qazaqstan