Спорт
1 мин оқу 231
Елена Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды. Отандасымыз арқасынан алған жарақатына байланысты Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінен бас тартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық теннисшінің қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары растады. Олар турнир кестесіне ескерту жариялады. WTA 1000 - China Open турнирі 25 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады.
Былтыр Елена Рыбакина бұл турнирде жартылай финалға дейін жеткен. Енді сол жылы алған ұпайын қорғай алмайды. Тиісінше, 390 ұпайынан айырылады.
Бөлісу:

