Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 91

Азия чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы &laquo;Sadu Arena&raquo; спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті. Отандық &laquo;Irfin Promotions&raquo; компаниясы ұйымдастырған турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Танзания, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Үндістаннан келген былғары қолғап шеберлері қатысты.</p>

Азия чемпионы атанды

Аталған жарысты та­машалауға кәсіби спорт шеберлерінің бір шоғыры келген екен. Со­лардың арасынан КСРО дәуірінде атой салып, Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген Серік Қонақбаев пен Виктор Демьяненко, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Кәрімжан Әбдірахманов, Олим­пиада чемпиондары Васи­лий Жиров пен Ермахан Ыбы­ра­й­ы­­мов, кәсіпқой бокстың көк­жалы Марат Мәзімбаев, әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, тағы басқа саңлақтарды кө­зіміз шалды.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі жерлесіміз Руслан Мәдиев пен ресейлік Тигран Согоян арасында өтті. Кезінде Руслан Геннадий Голов­киннің командасында болып, әйгілі «Golden Boy» компаниясы ұйым­дас­тыр­ған жарыстарда күш сынасты. Қарағанды бокс мек­те­бінің түлегі 17 бәсекенің 15-інде басымдық танытып, ал­ты кездесуін мерзімінен бұ­рын аяқтады. Қарсыласы – Ресей чемпионы. 10 раундқа созылған айқаста Мәдиевтің мерейі үстем болды. Осы же­ңісінің арқасында Руслан WBA нұсқасы бойынша Азия чем­пио­ны атанды.

Алматыдағы жарыста Рус­лан Мәдиевтен бөлек, басқа да жер­лестеріміз жеңіске жетті. Солар­дың арасынан ағайынды Санат­әлі мен Саматәлі Төл­таевтар, Ел­­шат Нығметолла, Нұр­дос Тө­ле­­бай, Әділет Құр­метов, Әлі­шер Абду­ләлім және Ар­мат Ар­манұлының асқан шебер­лігіне тәнті болдық.

Бөлісу:
Азия чемпионы атанды · Egemen Qazaqstan