Пікір
1 мин оқу 112

«Масс-медиа туралы» заңға ерекше мәртебе берілді

<p style="text-align: justify;">Медиа сауаттылық бағытында министрлік тарапынан 2021 жылдан бері кешенді жұмыс атқарылып келеді. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе &laquo;Медиа және қаржылық сауаттылық&raquo; пәні оқу бағдарламасына енгізілді. Яғни мектептерде 5-11 сынып оқушыларына жаһандық деңгейдегі мәселенің курстары оқытылып жатыр.</p>

«Масс-медиа туралы» заңға ерекше мәртебе берілді

Биыл елімізде біз әлеуметтік осал топтағы азаматтар арасында ақпараттық сауатты арттыру бағытындағы 30-дан аса вебинар мен іс-шара өткіздік. Келесі жылы да үкіметтік емес ұйымдармен бір­лесе отырып, медиа сауаттылықты арттыруға арналған осындай кешенді іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда бар.

Кейінгі бірнеше жылда кезең-кезеңімен біз ақпарат саласына қатысы бар заңнамаларды жетілдіру, жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Екі жылдан аса уақыт бұрын қазіргі заңнама төңірегінде көптеген талқылау өткізілді. Заң жобасы жан-жақты талқыға түсті. Яғни бірде біз сала өкілдеріне құлақ түрсек, бірде бізді қарсы тарапты тыңдап келді. Осылайша, біз салаға қатысты бірың­ғай тетіктерді әзірлей алдық.

Былтыр медиа сала өкілдерін екіге бөлу керек деген шешімге келдік. Яғни бір заңмен онлайн-платформаны реттесек, тағы бір бөлек заңмен кәдімгі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жүйелеуді жөн көрдік. Ал Масс-медиа туралы заңға ерекше мәртебе бірілді.

Әлішер МҰҚАЖАНОВ,

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары 

Бөлісу:
«Масс-медиа туралы» заңға ерекше мәртебе берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар