Оқиға
1 мин оқу 155

Елордада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

<p style="text-align: justify;">Астанадағы &laquo;Барыс Арена&raquo; спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан 2024 жылдың 3-5 қазаны аралығында &laquo;Denis Ten Memorial Challenge 2024&raquo; V халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

«Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турниріне 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады. 

Жарыс жеке конькимен сырғанау, сондай-ақ мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтеді. 

Айта кетейік, турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Бас демеуші - «Самұрық-Қазына» АҚ. Жарысқа Астана қаласының әкімдігі және «Sportqory» спортты қолдау қоры қолдау көрсетіп жатыр.

Жарыс кестесі ұйымдастырушының @denistenfoundation ресми аккаунтында жарияланады. 

Бөлісу:
Елордада Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді · Egemen Qazaqstan