Оқиға
1 мин оқу 90

Жамбыл облысында өртенген мейрамханадан 250 адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында екі қабатты мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жамбыл облысында өртенген мейрамханадан 250 адам құтқарылды

Анықталғандай, алдымен нысанның шатыры жанып, кейін қызыл жалын 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залын шарпыған. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылған.

«Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, ТДЖ психологтары және 12 бірлік техника жұмылдырылды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылса, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауына алынған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу: