Кино
1 мин оқу 131

«Оскарға» ұсынылды

<p style="text-align: justify;">Режиссер Асхат Кучинчирековтің &laquo;Бауырына салу&raquo; фильмі Оскар комитетінің &laquo;International Feature Film&raquo; аталымына ұсынылды. Көркем туынды жуырда ғана &laquo;Тұлпар&raquo; ұлттық сыйлығын иеленген еді. Айта кетейік, аталған фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілді.</p>

«Оскарға» ұсынылды

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жа­рияланады. Дауыс беру 8-12 қаң­тар аралығында өтеді. Оның қо­рытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар бел­гілі болады. Ал үшін­ші – соңғы кезең 11-18 ақпан ара­лы­ғы.

Жеңімпаздардың есімі 2 наурызда Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы, режиссердің есімі көрсетіледі.

Бөлісу:
«Оскарға» ұсынылды · Egemen Qazaqstan