Оқиға
1 мин оқу 170
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кірістер комитеті 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
Бөлісу:
