Көрме
1 мин оқу 136

Түркістан тарихынан сыр шертеді

<p style="text-align: justify;">Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұра&shy;жайында &laquo;Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркіс&shy;тан&raquo; ат&shy;ты көрме ашылды. Көрмеге &laquo;Әзірет Сұл&shy;тан&raquo; ұлт&shy;тық та&shy;рихи-мәдени мұражай қорығынан әкелінген 100-ден астам жәдігер қойылған.</p>

Түркістан тарихынан сыр шертеді

Көрме үш бө­лімнен тұ­рады. «Көне Түркістан тарихы» деп аталатын бірінші бөлімде қола дәуірі ескерткіштері Шербай, Шпан қорым­дарынан табылған қыш­тан жасалған құмыра, сап­тыаяқ, қазан тектес

ыдыстар қойылған. Со­нымен қатар, көне Түр­кістан тарихынан сыр шертетін Шауғар-Шой­төбе, Ясы-Күлтөбе қала­ла­рының тарихи жәдігер­лері де ерекше көз тартады.

ро

«Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен мұрасы» ат­ты екінші бөлім Ясауи мұрасы мен ілімі жөнінде кең мағлұмат береді.  Ал «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» деп аталатын үшін­ші бөлімде Қожа Ах­мет Ясауи кесенесінің салыну тарихы, оның сәулет ерекшеліктері, ке­сене ішіндегі баға жетпес жәдігерлер туралы мәлімет берілген.

нг

«Киелі Түркістан топы­рағынан жеткен көне жәдігерлерді кө­ріп, таң-тамаша болып жатқандар көп. Өңір­аралық мәдени бай­ланыс жобасы аясында осындай құнды жәдігерлерді әкеліп, Тобыл өңірі тұр­ғындарын көзайым еткен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени мұражай-қорығының ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз», дейді музей басшысы Гүлжан Ермаш­қызы.

Қостанай облысы

Бөлісу: