Аймақтар
2 мин оқу 140

Алаштың айбоздары оқыған орда

<p style="text-align: justify;">Семей қаласында ашылған мұғалімдер семина&shy;рия&shy;сы &ndash; Мұхтар, Жүсіпбек, Қаныш, тағы басқа Алаш&shy;тың айбоздары оқы&shy;ған орын. Тарихи оқу орданың құрылғанына биыл &ndash; 120 жыл. Облыс орталығында Мұх&shy;тар Әуезов атындағы педаго&shy;гикалық колледжінің мерейтойы аталып өтіп, халықаралық ғылыми-тә&shy;жі&shy;рибелік конференциямен жал&shy;ғасты. Айтулы басқосуда оқу ордасының терең тарихы, жет&shy;кен жетістіктері жә&shy;не бо&shy;&shy;ла&shy;шақтағы бағытын бағ&shy;дар&shy;&shy;лайтын мәселелер тал&shy;қы&shy;ланды.</p>

Алаштың айбоздары оқыған орда

Конференцияға қатысу­шы­ларға колледж тарихын таспа­лаған деректі фильм ұсынылып, Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткі­зілді. Іс-шарада Оқу-ағарту бі­рінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, педагогикалық ғы­лым­дарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов, Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы колледждің білім үдерісіндегі рөлі, оның жаңа­шылдықтары мен қоғамға тигізген әсері туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар баян­дамашылар мұн­дай кон­ференциялар білім сала­сындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және болашақ ұрпаққа үлгі бола­тын тұлғаларды танытуға зор мүм­кіндік беретінін атап өтті.

Конференция аясында семинар-практикум, фотокөрме және мұра­ғат материалдары негізінде жасақ­талған құжаттар көрмесі ұйым­дас­тырылды. Сон­дай-ақ танымал түлек­­терге ар­нал­ған тақырыптық каби­нет­тердің тұсауы кесіліп, «Оқу орны­ның түлектері – тарихи тұлғалар» тағ­зым тақтасы ашылды. Академик Қа­ныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, ақын-жазу­шы Тұрлыхан Қасенұлы, ға­лым Қайым Мұхамедханов сияқты тұлға­ларға арналған кабинеттер ашылды.

Мерекелік іс-шара барысын­да 22 мұғалім Оқу-ағарту министрлі­гінің Құрмет грамотасы, Оқу-ағар­ту министрлігі­нің Алғысы, «Ы.Ал­тынсарин» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi» сияқты маңызды марапат табыс­талды. Бұған қоса облыс әкімдігі тарапынан колледж ұжымына 10 млн теңгелік сертификат тарту етілді. Ал үздік студенттерге «Үздік Әуезовші», «Асылхан Бекбаев атындағы шәкіртақы» тағайындалды.

Осыған дейін Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық кол­леджінің 120 жылдық мерейтойы аясында «Қаражыра» АҚ де­меушілігімен салын­ған «ЕС-аймақ» рухани орта­лы­­ғының салтанатты ашылу рәсімі өткен. Екі қабатты ғимарат­тың жалпы аумағы 2 500 шаршы метр. Жаңа ғимарат студенттер кампусының ортасында орналасқан, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңа орталық 500 студентке арналған. 7 арнайы кабинет пен зал бар. Концерт залы 300 орынға шақталған. Онда заманауи LED экран, жарық және дыбыс қондырғылары, автоматтандырылған сахна ме­­ханизмдері мен жұмсақ орын­дық­тармен жабдықталған.

Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауы­тұлы, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Шәкен Айма­новтай тұлғалардың ізі қалған оқу ордасы келешекте де біртуар тұлғаларға тұғыр, өнерлі ұл-қыздардың рухани қуатын арттыратын орда болары сөзсіз.

Абай облысы 

Бөлісу:
Алаштың айбоздары оқыған орда · Egemen Qazaqstan