Үкімет
1 мин оқу 73

Экономикалық үдерісті цифрландыру жайы

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкімет басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін &laquo;Заманауи цифрландыру &ndash; төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві&raquo; үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады.&nbsp;</p>

Экономикалық үдерісті цифрландыру жайы

Экономикалық үдерістерді цифрландыру келешегі талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.

Премьер-министр сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда Қазақстан тарапы қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкін­дік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.

ЕҮАК отырысында шағын, сондай-ақ кеңейтілген құрамда сауда, көлік пен логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.

Бөлісу:
Экономикалық үдерісті цифрландыру жайы · Egemen Qazaqstan