Оқиға
1 мин оқу 130

«40 тонна»: Контейнер ұрлаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Елордалық полицияға құрылыс компаниясының қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұрлық туралы арызбен жүгінген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«40 тонна»: Контейнер ұрлаған күдікті ұсталды

Арыз иесінің айтуынша, жұмыс істейтін фирмадан белгісіз біреу темір контейнерді ұрлап әкеткен.

Жедел-іздестіру нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 40 тонналық контейнерді жасырын ұрлаған қаланың 50-дегі тұрғынын анықтаған. Аталған компанияда ол бұрын жұмыс істегені және ғимараттың аумағына қалай кіруге болатынын білетіні белгілі болып отыр. 

Қылмыстық іс тіркеліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Бөлісу: