Батыс Қазақстан облысының 104 жасар тұрғыны да таңдауын жасады
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысының ең қарт тұрғыны Нұрсұлу Тоқжанова референдумда өз дауысын берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

104 жастағы қария Шыңғырлау ауылында тұрады.
Ғасырдан асқан Нұрсұлу әжейдің өтінішіне сәйкес №424 референдум учаскесінің мүшелері жылжымалы жәшікті оның үйіне алып барды. Нұрсұлу әжей балаларын дауыс беру учаскелеріне жіберіп, өзі немере-шөберелерін бағып қалыпты.
Қария Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде ФЗУ-да оқып, Сталинград заводында жұмыс істеген. Кейіннен Шыңғырлау ауданындағы Қарақай елді мекенінде ұзақ уақыт бойы түйе сауушы болып еңбек еткен. Ал бүгінде 3 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты әже.
Көпті көрген кейуананың ендігі арманы - елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы.
«Талай сайлауларға қатысып жүрмін. Дауыс беру - әрбір елдің тұрғыны үшін маңызды. Біз дауыс беру арқылы болашағымызды таңдаймыз. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағы, ұрпағымыздың болашағы үшін ел Президентінің бастамасын қолдаймын», дейді қария.
