Оқиға
1 мин оқу 130

«Мерт болғандар бар»: Жетісуда жол апаты болды

<p style="text-align: justify;">Өңір полициясының мәліметінше жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мерт болғандар бар»: Жетісуда жол апаты болды

Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолының 239-шақырымы тұсында Toyota Camry және Камаз соқтығысқан. 3 адам қаза тауып, 1 адам ауыр жарақат алған.

«Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
«Мерт болғандар бар»: Жетісуда жол апаты болды · Egemen Qazaqstan