Пікір
1 мин оқу 131

Қазақстанның адамзатқа тартуы

<p style="text-align: justify;">Ватиканның дін қайраткерлері Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінен бас&shy;тап қатысып келеді. Мен де осыдан екі жыл бұрын өткен VІІ съезге қатысып, сөз сөйледім. Біз бұл жаһандық жиынды жоғары бағалаймыз және мұны Қазақстанның адамзат баласына жасаған тартуы деп түсінеміз.</p>

Қазақстанның адамзатқа тартуы

Алғашқы съезд өткеннен бері 20 жылдан аса уақыт ішінде сіздердің елдеріңіз әлем тұрғындары мен сая­саткерлерін бейбітшілік пен ынтымаққа шақыратын ізгі ортаға айналды. Біз сондықтан да Қазақстанды «кездесу орны» деп атаймыз. Бүгінгідей жиындар тоқтап қалмай, әрдайым бір-бірімізді қолдап жүруіміз керек. Ең алдымен адамзат­қа деген махабатты басшы­лыққа ала отырып жұмыс істеуіміз қажет. Махаббат пен өзара сүйіспеншілік жүрген жерде кез келген пробле­маны шешудің кілті табылады. Өз басым діндер съезін осындай мүмкіндік әрі тек дін өкілдері арасындағы байланысты нығайтатын алаң ғана емес, сондай-ақ саяси, мәдени, экономикалық, бас­қа да салалардағы қарым-қаты­настарды да бекітетін тетік деп санаймын.

Сол себептен де Рим Папа­сы Франциск 2022 жылы Қазақ­станға алғаш рет апос­­тол­дық сапармен келіп, Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының VІІ съезіне қатысты. Біз Қазақстан мен Вати­кан арасындағы байла­ныс­тарды, соның ішін­де дін сала­сындағы өзара әрекет­тестік­терімізді жоғары бағалаймыз.

Халед АКАШЕ,

Дінаралық диалог Папа кеңесі Ислам мәселелері жөніндегі бюросының

басшысы, монсеньор (Вати­кан)

Бөлісу: