Аймақтар
1 мин оқу 164

Ақмола облысының аумағында да өрт болды

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі 8 қазаннан 9 қазанға қараған түні Ақмола облысы Зеренді ауданында да құрғақ шөп пен орман төсемі өртенгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысының аумағында да өрт болды

Өртенген аумаққа мамандар мен техника дереу жұмылдырылған. 

Оның ішінде, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы органнан, «Куйбышевский лесхоз» КММ және «Алтын тау» АҚ МЕӨҚҚ жеке құрамының 80 шақты адамы және 20 техника бар.

«Жел екпіні қатты болғанына қарамастан, нақты қабылданған шаралардың арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген ТЖМ таратқан хабарламада. 

Еске салайық, 6 - 8 қазан аралығында Қарағанды, Павлодар облыстарының шекарасында да ауқымды аумақ өртенген еді. Кеше Қарағанды облысындағы өрт оқшауланса, Павлодар облысында толық сөндірілді. 

Бөлісу:
Ақмола облысының аумағында да өрт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар