Өнер
3 мин оқу 170

Саз өнерінің сардары

<p style="text-align: justify;">Қазақ ән өнерінде дарынды дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың есімі ерек. &laquo;Тойың тойға ұлассын&raquo;, &laquo;Досым&raquo; секілді ел жүрегіне қоныстанған таңдаулы әндері халық жадында мәңгі қалмақ. Тіпті шығармалары шетел асып, қазақ өнерін аспандатып келеді. Оған дәлел тұңғыш рет өткен &laquo;Елге арнау&raquo; халықаралық әнші-вокалистер мен жеке аспапта орындаушылар байқауы.</p>

Саз өнерінің сардары

Қазақстан композиторлар ода­­ғының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған I халықара­лық «Елге арнау» өнер додасына қа­тысқан өнерпаздар тек автордың шығармаларын орындады. Екі күнге созылған өнер бәйгесі ел­дің ерекше ықыласына ие болды. Сазгерліктің азабын татып, сыры мен сыны кетпейтін саз туын­датудың машақатына төзу – үлкен махаббаттан туындаса керек. Осы жолға тұтас өмірін арнап келе жат­қан өнер иесі салтанатты шарада халыққа ризашылығын жеткізді.

«Жетісу жұртына деген ықы­ласым шексіз. Мен сазгерлік, жал­пы музыка өнеріне төтеден ки­лігіп, тосыннан қосылған жан емес­пін деп білемін. Ақ жөргек­ке әнмен оранып, күймен буылып, талбесікте ана әлдиін тың­­дап өстім. Құлындай құлдыраңдап өс­кен шағым бүгінге дейін көз алдымнан кеткен емес. Сол кездегі ауылымның әжелері салған тама­ша әуендер әлі де құлағымда жүр. Сол себепті, өнерге кездейсоқ келмедім деп айтуға тұтастай құқым бар», деді Ә.Алпысбаев.

Байқауға Өзбекстанның халық әртісі Фарух Садыков, Қырғыз­стан­ның халық әртісі Тілек Най­манбаев, Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, қазақ музыка өнерінің майталмандары Жанат Шыбықбаев, Дүйсен Орынбай, Торғын Смайлова қазылық етті. Олар жүзге тарта қатысушының ішінен үздіктерді таңдады.

«Әли Демегенұлы – І.Жан­сүгіров атындағы өнер ордасын басқарғанда, ұжымды қанат­тан­дырып қана қоймай, талай белеске бастаған басшы. Алпыстан асқан ел ағасы бағындырған асулар­дың өзі бір кітапқа арқау боларлық­тай. Бүгінде М.Төлебаев атын­дағы филармонияның оркестріне дирижерлік етіп, кешегі Нұрғиса Тілендиев сынды тұлғалар салған сара жолдың саңлағы екенін дә­лел­деп жүр. Бұл әрине, бір ғана жетіс­тігі», деді Н.Үсенбаева.

Аталған өнер додасында жүл­делі орынға ие болған жеңім­паз­дардың бәріне қаржылай сыйлық берілді. Топты жарған түркі балалары өнерін ортаға салып, жеті­сулықтарды бір желпіндірді.

Жетісу өңірінде «Әли – әуен, Әли – жыр» атты ән бар, осыған орай композитордың артынан ерген аңыз да жетерлік. Оңтүстік жаққа барған композитордың «Досым» деген тамаша әнін тың­даған кәсіпкер азаматтың бірі авторға жеңіл автокөлігін сый­ға берген екен. Мұның өзі ән қана­тында тербелген азаматтың жо­марттығы болса, тыңдарманды сон­дай күйге бөлеген туындыны өмірге әкелген сазгердің талантына жасалған құрмет деп білеміз.

Әли Алпысбаевтың бойында бабадан қалған тектілік бары анық. Оған дәлел, әрқашан мұ­қым елдің мәңгілік мұрасын жиі наси­хаттайтындығында. Сан мәрте концерттік сапармен Қытай, Түркия, Польша, Үндіс­тан, Болгария және Ресейдің ірі қала­ларында болып, көптеген халық­аралық музыкалық форум мен фес­тивальдерге қатысты. Соны­мен қатар дирижер-композитор ретінде отандық ірі сахналарда өзінің өнерін сан мәрте мойындатып, тыңдармандарын сүйсін­діріп келеді. Өзінің айтуынша, жүз­деген әннің, әлденеше ірі күй-поэма­лардың және домбыраға арнап жазылған 3 бөлімді концерттің авторы. Театрда сахналанған 10-ға жуық қойылымға музыка жазып, әндері мен шығармалары­нан құралған «Ауылдағы той», «Әнім­ді сізге арнадым» атты жи­нақ­­тары жарық көрген. Бұл ертеңге аңыз болар бір адамның шығарма­шы­лық әлеуетінің көрсет­кіші, есі­мін әйгілеп тұратын д­арынның ғұмырнамасы.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Саз өнерінің сардары · Egemen Qazaqstan