Ауа райы
1 мин оқу 200
Демалыс күндері қар жауады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері артикалық антициклон әсерінен Қазақстанда ауа райы суытады.
Еліміздің басым бөлігінде, орталық және шығыс Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады.
Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нөсер жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
12-14 қазан аралығында еліміздің батысында ғана күн райы ашық болады. Десе де ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді.
Бөлісу:
