Таным
1 мин оқу 273

Қазақ киносы АҚШ ғалымының көзімен

<p style="text-align: justify;">Джордж Вашингтон уни&shy;вер&shy;ситетінің профессоры Пи&shy;тер Роллбергтің &laquo;Совет&shy;тік Қазақстанның кино өнері&raquo; атты монографиясы &ndash; Батыс әлеміндегі Ор&shy;талық Азия ел&shy;де&shy;рінің мәдениетіне қызы&shy;ғушы&shy;ларға таптырмас оқулықтың бірі.</p>

Қазақ киносы АҚШ ғалымының көзімен

Ол бұл кітапқа қалай кіріскені ту­ралы айта келе, «2012 жылы оқу ор­нымызда Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер инс­ти­тутының ди­ректоры болып та­ға­й­ын­далдым. Әне, сол кезде Қазақ­станның мә­дениетіне, әсіресе, киносына, қазақ музыкасы мен әдебиетіне қызығушылық таныттым. Саясаттану және тарих саласындағы әріптестерім кеңестік, пос­ткеңестік кезеңде Қа­зақстандағы демократия­ландыру, ұлттық бі­ре­гей­лік аспектілері бойын­ша ғылыми зерттеулер жасады, сол бағыт бойынша жұмыс істеді. Ал мен 2017 жылы зерттеу сапарымен Алматыға барып, Сатыбалды Нарымбетов, Дәрежан Өмірбаев, Асан­әлі Әшімов сынды режис­сер, актерлермен кез­де­сіп, кітабыма қажетті материалдар алдым», дей­ді.

Тіпті ол қазақ ре­жис­серлері түсір­ген қазіргі фильмдерді Вашинг­тонда тұрып та қалт жібермей кө­ретінін айтты. Соңғы рет Алдияр Байракимов-тің «Па­ралимпиадашы» филь­мі, сонымен қатар жа­қын­да шыққан «Шекер» сияқты шағын сериалдар­ды тамашалағанын жет­кізді. Бізге әсіресе оның «Қыз Жібек» фильмі туралы айтқан шынайы бағасы қатты әсер етті. Оның айтуынша, бұл кино қазақтың ұлттық мәдениетін төрт­күл дүниеге кеңінен дә­ріп­­теген тұңғыш фильм бол­мақ.

Бөлісу: