Аймақтар
1 мин оқу 190

Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасын өрт шарпыды

<p style="text-align: justify;">Зайсан ауданы Мұқашы ауылында шөп қоймасы өртенді. Қоймада жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бума жиналған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасын өрт шарпыды

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды.

- Өртсөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.

ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасын өрт шарпыды · Egemen Qazaqstan