Күрестен әлем чемпионаты: Жастар жарысты жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Албания астанасы Тирандада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Халықаралық доданы ел балуандары жеңіспен бастады.
Құрама сапынан алғаш болып бозкілемге шыққан Дін-Мұхамед Қошқар литвалық Адомас Григалюнастан басым болды. 5-1 есебімен жеңіс Дін-Мұхамед Қошқардың пайдасына жазылды.
Енді біздің спортшы 67 келі балуандар бәсіндегі 1/8 кезеңде бейтарап атлет Даниал Агаевпен өзара кім мықтыны анықтайды.
60 келіге дейінгі салмақта Досжан Өтепқалиев Хасан Мұхаммед Әл-хартиды сенімді жеңді. Отандасымыз бір жарым минуттың ішінде 8-0 есебін тіркеді.
Досжан Өтепқалиев 1/8 кезеңде қытайлық балуанға қарсы бозкілемге шығады.
