Басылым
2 мин оқу 350

Алтай би

<p style="text-align: justify;">Ұлттық кітапханада филология ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлының &laquo;Алтай би&raquo; (тарихи дастан) атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.</p>

Алтай би

Би, шешен, Жетісуды жоңғар­лар­дан азат етуге атсалысқан қа­зақ тарихындағы көрнекті тұлға­лардың бірі Алтай Най­ман­бай­ұлын дәріптеуге арналған іс-шара­ға отандық ғалымдар, тарихшы­лар, әдебиеттанушылар мен ба­тыр­дың ұрпақ­тары қатысты.

Жиынды Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Қошан Мұстафа тізгіндеді. Алқалы жиында Қазақ аграрлық зерттеу университетінің  профессоры Дәмір Әлімқұлов Алтай би туралы тың деректер келтірді.

«Алтай бидің ерлігін, болмысын, қаһармандық жолын, ұла­­ғатты сөздерін ойдағыдай жет­­кізген автор Дүкен Мәсімха­нұ­лына алғысымыз шексіз. Ол Алтай биді қайта тірілт­ті. Тарихи дастан жазу екінің бірі­нің қолынан келмейді», деді фи­ло­логия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Серік Негимов.

Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Байынқол Қалиұлы дас­танның әр бөлімінің ерекше­лігіне тоқтал­ды. «Автор «Алғашқы жорық» деп атаған бірінші тарауында Алтай би – атамыздың ерлігін, батырлығын сипаттаған. «Тура биде туған жоқ» деген келесі тарау­да билігі туралы сөз етеді. Үшін­ші тарауды «Тұңғыш төрелік» деп атап, бабамыздың алғаш жасаған төрелігі туралы айтса, төртінші тарауда даналығы жырланады. Міне, осылайша, Алтай бидің басындағы бірнеше ерекшелігін қозғаған. Жырда ертедегі қисса­лар­дың дәстүрін сақтаған», деді Б.Қалиұлы.

Алтай би – Жетісу өлкесін Жоң­ғар шапқыншылығынан қорғау­­да батырлығымен әрі әділдігі­мен есі­мі елге танымал болған би. Абы­лайдың ақ туының астына бірігіп, елін жоңғар шапқыншылығы­нан азат етуге тікелей араласқан тұлға. Бұл туралы Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ жанындағы Қа­зір­гі заманғы қытайды зерттеу ор­та­лығының директоры, тарих ғылым­дарының докторы, профес­сор Нәбижан Мұхаметханұлы айтты. ҰҒА академигі, Әл-Фара­би атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті Қазақ­стан тарихы ка­федрасының мең­герушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев «Алтай би» дастанындағы көркемдік шындықты тілге тиек етсе, Ш.Уәли­­ханов атындағы тарих және этнология институтының бас ди­­р­екторы, ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұханұлы «Қа­зақтың билер соты және оның «Алтай би» дастанындағы көрі­нісі» тақырыбында баяндама жасап, дас­тан туралы ойын ортаға салды.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Алтай би · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар