«Скафандр және көбелек» кітабы қалай жазылды
<p style="text-align: justify;">Ерік-жігері мықты адамның бағындырмайтын белесі жоқ. Алға қойған мақсатына жетпей қоймаған сондай жандардың бірі француз журналисі Жан-Доминик Боби.</p>

Ол 43 жасында алған инсульттен кейін денесінің барлығы сал болып қалды және айналадағылармен тек сол көзін жыпылықтату арқылы сөйлесе алды. Сөйтсе қаламгер науқасқа шалдықпай тұрып кітап жазуға келісімшарт жасасқан екен. Осылайша «уәде - құдайдың мөрі» деп дертіне қарамастан кітап жазуға кіріскен. Оның қасында көмекшісі болған. Ол француз тіліндегі бүкіл әріптерді реттілігімен автордың көз алдына әкеледі. Ал Боби болса көзін ашып-жұмып қажетті әріпті көрсетеді. Осындай ыждағатты еңбекпен «Скафандр және көбелек» атты кітап жарыққа шығады және екі ай өтпестен бестселлерге айналады.
