Оқиға
1 мин оқу 140

ҰҚК темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстаннан құрылыс материалдары деген желеумен, 336 мың қорап темекіні алып шекарадан өткізуге әрекеттенген,&nbsp; деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне&nbsp; сілтеме жасап.</p>

ҰҚК темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті

17 қазанда «Шаған» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын әкетудің жолын кескен.

«336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде Мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады», делінген хабарламада.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаментіне берілген.

Бөлісу:
ҰҚК темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті · Egemen Qazaqstan