Экология
1 мин оқу 180
«Бурабай» паркінің орман алқабы ұлғайды
<p style="text-align: justify;">2024 жылы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман алқабын ұлғайту жоспары аясында 104,9 гектар жерге көшет егілген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бурабай» МҰТП мәліметінше, жұмыс негізінен Ақылбай, Бурабай, Золотобор, Жалайыр, Мирный, Приозерный орманшылықтарында жүргізіліп, жергілікті мамандар 839,2 мың түп қарағай көшетін отырғызған.
Бұл – саябақтың орман қорын және экожүйесін сақтаудағы маңызды қадам. Аталған жұмыстар келер жылы да жалғасады.

Бөлісу:
