Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дарын Шамұратов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы.
05.2009-12.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы.
09.2012-25.10.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.
10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы.
08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары.
04.2021-14.2022 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.
