Пікір
2 мин оқу 143

Шын қуанатын шуақты мереке

<p style="text-align: justify;">Биыл Мемлекеттік сыйлыққа қаламдастар менің балалар әдебиетінің сыны жайындағы &laquo;Адамның бір қызығы бала деген&raquo; атты кітабымды ұсынды. Сараптама комиссиясы еліміздің талантты ақыны Светқали Нұржан екеумізді лайық деп тауыпты.</p>

Шын қуанатын шуақты мереке

Мемлекеттік сыйлықты әді­лет­ті Қазақстанның көшбас­шысының қолынан алғаныма да бек қуаныштымын. Ал­да еліміздің адамзаттық өрке­ниет­ке өзінің ұлттық болмысымен, салт-дәстүрімен, рухани жиһазымен жеткенін қалаймын. Сол күні халқыммен бірге шындап қуанатын болуым керек. Ата-бабаларымыз қиын да күрделі жолды жүріп өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бізге де оңай болмады. Қателіктен сабақ ала жүріп жетіліп келеміз. Тағдыр аямаған ұлт пер­зен­тінің қуанышы толық қуа­ныш бола ала ма? Мемлекеттік сый­лық шарасының мінберінде тұрып бүгінгі жамиғатқа ендігі жаңа уақыт, жаңа қазақ қоғамы адаспаса екен деп ті­ледім. Жаңарған қазақтың те­геурінді ұрпағы бақыт бесігінде жасаса екен!

Мемлекеттік сыйлықты ал­ған еңбегімді жалғастырып, енді «Адамның бар қызы­ғы бала де­ген» атты балалар әде­бие­ті­нің бары мен нәрін, кең­ші­лігі мен жоғын түгендейтін тағы бір кітапты аяқтауға жақындадым.

Бүгінгі Республика күніне келсек, бұл күн – біздің баладан данаға дейін, бұқара халықтан билік басындағыларға дейін терең таным тұрғысынан түсініп, жан-жүрегімізбен қабылдап, шын қуанатын нағыз ұлттық ме­реке. Ұлтымыз­дың, мемлекетіміздің тағдыры ше­шіл­ген шуақты күн. Аспанды бұлт торлап, жер-көкті тұман алса, кейін аспан ашылғанда адам баласының да көңіл күйі көтеріліп, бір жасап қалмай ма? Одан да зор қуаныш – осы күн. Сондықтан Респуб­лика күні қазір де, болашақта да тәуелсіздігіміздің айбары болады деп санаймын. 

Құлбек ЕРГӨБЕК,

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдебиет сыншысы

Бөлісу:
Шын қуанатын шуақты мереке · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар