Әскер
1 мин оқу 240
Болашақ сарбаздар қандай сараптама тапсыруға міндетті
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі мерзімді әскерге шақырылушыларды тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осылайша олар эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі.
- Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі, – делінген министрлік хабарламасында.
Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:
- жалпы қан талдауы;
- несеп талдауы;
- кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;
- электрокардиографиялық зерттеулер;
- микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;
- бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
- бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- АИТВ инфекциясына қан талдауы.
Бөлісу:
