Қоғам
1 мин оқу 130
«Астана-Семей» бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды
<p style="text-align: justify;">Көлік министрлігі «Астана - Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды. Олар: екі плацкарт және бір купе. Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен жабдықталған.
Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.
Бөлісу:
