Заңсыз шаян аулаған үш күдікті қолға түсті
<p style="text-align: justify;">Екі петропавлдық және Қызылжар ауданының бір тұрғыны заңсыз шаян аулады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Artemia salina шаянын заңсыз аулаған 3 адамнан құралған топ Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерінің назарына түскен.
«Олар ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының 6637 әскери бөлімінің қызметшілері және облыстық прокуратураның үйлестіруімен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұсталды. Күдіктілер Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде заңсыз өндірген», делінген хабарламада.
Polizia.kz-тің жазуынша полицейлер жалпы салмағы 460 келі болатын шаян жұмыртқаларын тәркілеген. Мемлекетке келтірілген зиян – 3 миллион 712 мың теңге.
