Білім
1 мин оқу 80

Жыл соңына дейін 50 мектеп тексеріледі

<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрлігі&nbsp;69 білім беру ұйымына профилактикалық бақылау жүргізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жыл соңына дейін 50 мектеп тексеріледі

Бақылау барысында мектептердің базалық-материалдық сапасының заңнама талаптарына қаншалықты сай екені тексерілді.

Нәтижесінде 69 мектептің 16-сында заңнама талаптары ескерілмегені анықталып, түзетілген. Министрліктің мәлімдеуінше, білім беру мекемелеріндегі 37 ескерту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

«Бұзушылықтарды жоюға білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, тиісті басқару органдары да жауапты. Бақылау іс-шаралары шеңберінде Министрлік тарапынан ұйымдарға білім беру саласындағы заңнама нормаларын қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді» деді Комитеттің бас сарапшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева.

Жыл соңына дейін осы мақсатта 50 мектеп тексеріледі. 

Бөлісу:
Жыл соңына дейін 50 мектеп тексеріледі · Egemen Qazaqstan