Қоғам
1 мин оқу 70

«Қазақстан барысына» – пәтер мен көлік

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан барысы&raquo; тур&shy;нирі &ndash; жыл сайын елі&shy;міздегі үздік ба&shy;луан&shy;дар&shy;дың басын қосатын, дәстүрге ай&shy;налған дүбірлі дода. Би&shy;ылғы турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 42 үздік балуан қатысып, бақ сынасты.</p>

«Қазақстан барысына» – пәтер мен көлік

Абай облысының әкімі Нұр­лан Ұранхаев «Қазақстан барысы» турнирінің биылғы жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен турнирдің қола жүлдегері Саят Шәмшиевті ар­найы қабылдады. Кездесуде өңір басшысы аймақ абыройын асырған балуандарға алғыс білдіріп, олардың жеңісі тек спорттық жетістік қана емес, жас­тарды отаншылдыққа, саламатты өмірге баулитын лайықты үлгі екенін ерекше атап өтті. Ұлттық спортты дамытуға, насихаттауға қосқан үлесі үшін демеушілер атынан қос спортшыға темір тұл­пар табысталды. Сондай-ақ биылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев үш бөлмелі пә­тердің сертификатына ие болды.

Жанкүйерлерге самбо, дзюдо күресі арқылы жақсы танымал Е.Қажыбаев халықаралық ареналарда да айтарлықтай жетіс­тіктерге жеткен. Ол – дзюдодан кадеттер мен жастар ара­сын­дағы ел чемпионатының жүл­­дегері, Джакартадағы Азия ойындарының командалық жа­рысының күмкіс медаль иегері, самбодан Азия чем­пионы, әлем чем­пионатының қола жүлдегері.

«Мен бұл турнирге алтыншы рет қатысып отырмын. Жеңісімді туған жеріме, жерлестеріме арнаймын. Алдағы аламан жа­рыстарға да тыңғылықты дайындалып, ел сенімін ақтауға тырысамын», деді Е.Қажыбаев.

Турнирдің қола жүлдегері, «Болатшы» лақап атымен өнер көрсеткен Саят Шәмшиев те белгілі балуан, халықаралық дә­режедегі спорт шебері, дзюдодан еліміздің чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері.

СЕМЕЙ

Бөлісу:
«Қазақстан барысына» – пәтер мен көлік · Egemen Qazaqstan