Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды
<p style="text-align: justify;">Алматыда мегаполистің агломерациямен көлік байланысын арттыру аясында 1 қарашадан бастап қала маңындағы қоғамдық көліктердің тағы үш бағыты іске қосылды. Жаңа автобустар Қаскелең мен Ұзынағашқа қатынайтын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұзынағаш ауылы автовокзалы – Төле би – Яссауи аралығындағы №245 бағыт бойынша сыйымдылығы жоғары 25 автобус қатынайтын болады. Қозғалыс 5:45-те басталып, 23:00-де аяқталады. Тасымалдаушы – «Экобус сервис» ЖШС.

Қаскелеңнен «Сәлем» базарына дейінгі №254 бағытта 16 автобус қатынайды. Қозғалыс 5:50-де басталып, 23:00-де аяқталады. Тасымалдаушы – «Мадина» ЖШС.

Б.Момышұлы метро станциясынан Долан ауылына дейінгі №239 бағытта 18 автобус қатынайды. Қозғалыс 5:30 басталып, 23:01-де аяқталады. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.

Айта кетейік, жол жүру ақысы қалалық маршруттардағыдай 120 теңге. Барлық автобустар «Оңай» электронды билет жүйесімен жабдықталған.
