Кентауда экстремистік топ мүшелері ұсталды (видео)

Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы, Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни радикалды ұйымының ұстанымдарын насихаттаған топты ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл ұйымның идеологиясы елдегі зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуге бағытталған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 10 адам ұсталған. Олардың «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу, тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланғаны анықталды.
Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленген.