Аймақтар
1 мин оқу 220

Қарағандының екінші тынысы ашылды

<p style="text-align: justify;"><span style="text-align: justify;">Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жыл басынан бері өңірдің қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 113,1 пайызға жеткенін атап өтті, деп хабарлайды&nbsp;</span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify;">.</span></p>

Қарағандының екінші тынысы ашылды

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 триллион теңгеден асқан. Ал оның 2,2 триллионы – өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Ең бастысы, облыс экономикасына құйылған инвестиция көлемі артып келеді. Жыл басынан бері құйылған инвестиция көлемі 679,1 млрд. теңгеден асқан, бұл былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,6%-ға артық.

Соның арқасында биылдың өзінде облыста екі жаңа кәсіпорын ашылған. Жыл соңына дейін жалпы инвестициялық құны 200 млрд. теңге болатын тағы 8 жоба іске қосылады. Олардың ішінде мыс шығаратын зауыт пен ферросилиция өндіретін зауытты айрықша атап өтуге болады. Жаңа кәсіпорындар 2626 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бөлісу: