Digital
2 мин оқу 362

Жанашыр робот

<p style="text-align: justify;">Америкалық жазушы Айзек Азимов &laquo;Робот адамға зиян тигізбек түгіл, өзінен келетін қауіптерден де құтқаруы керек&raquo; дейді. Бұл &ndash; фантаст қаламгердің өзі жан беретін роботтарына қоятын басты талабы. Ал ең ғажабы, шынайы өмірде де көптеген робот &laquo;жанашырлық&raquo; қамытын киіп жүр. Сөзімізге дәлел де көп.</p>

Жанашыр робот

Отқа салсаң, жанбайды. 2019 жылы Париждегі Нотр-Дам соборында үлкен өрт шыққан кезде, француз өрт сөндірушілері қауіпті ай­мақ­тарға кіре алмай қалды. Олар­дың орнына «Colossus» атты арнайы жасалған өрт сөн­діруші робот тер төкті. Ол 3000 литр суды 1 минутта жет­кізуге қабілетті еді. Әрі жылудан қорғанатын мате­риалмен қапталған, бұл оған жоғары температуралы ай­мақ­тарда еркін жүруге көмек­те­седі. Осы роботтың арқа­сын­да өрт сөндірушілерге қауіпті ау­­­мақ­тан шығып, сырт­та жұ­мыс істеуге жағдай жаса­лып, олар­­дың өміріне қауіп төнген жоқ.

Суға салсаң, батпайды.­ Грекия жағалауында бос­­­қын­дар суға батқан кезде «EMILY» роботы барын сал­ды. Робот-қайық 37 км/сағ жылдамдықпен жүзіп, жаны мұрын ұшына келген ха­лыққа жедел жәрдем көрсетті. 2016 жылы 10 күн ішінде 240-тан астам адамды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оның екі жақты байланыс жүйесі әлеуетін арттыра түседі. Құтқа­рушылар мен судағы адамдарды оңай байланыс­ты­рады.

Жер сілкінсе, көмек­те­седі. 2017 жылы Мексикада болған жер сілкінісінен кейін, үйінді астында қалғандар­ды іздеуге Карнеги-Мел­лон университеті әзірлеген «Snakebot» жылан-робот қолданылды. Бұл робот жылан сияқты қимыл­дап, тар әрі қауіпті жерлер­ге енеді. Камерасы бар құл­темір құт­­қарушыларға жер ас­ты­ның астан-кестеңінің бәрін көр­сетеді. Солай визуалды мә­ліметтер арқылы, зардап шек­кен адамдар тез табылады.

Керек кезде самғайды. «Zipline» компаниясының дрон­дары қиыр-қиыр жерлерге ме­дициналық керек-жарақ­тар­­ды жеткізуге арналған. 2014 жылдан бері Африкада, оның ішінде Руандада көп қол­данылып келеді. Қан, вакци­на, дәрі-дәрмектерді дереу апарып, қанша адамның бетін бе­рі қаратты. Мысалы, 2016 жы­лы алғашқы медици­на­лы­қ­ жүктемелерді тасып, 150 000-нан астам емделушіге көмектесті. 

Бөлісу:
Жанашыр робот · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар