DIGITAL
DIGITAL бөліміндегі ең маңызды оқиғалар, сараптамалар мен соңғы жаңалықтардың толық тізімі.

e-Qyzmet БҰҰ-да таныстырылды

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында цифрлық тәжірибесімен бөлісті. Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі отырыста Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай көпшілікке төл өнім e-Qyzmet цифрлық платформасын таныстырды.

Жасампаз жастардың жобалары

Қазір әлемге әйгілі «Apple», «Google», «Amazon» секілді алпауыт компаниялардың дені кезінде шағын стартап ретінде басталған. Сондықтан қазіргі жас кәсіпкерлердің тың идеясына ертеңгі ірі жобаның бастауы ретінде қараған жөн. Кейінгі жылдары елімізде де технология көмегімен түрлі мәселені шешуге ұмтылған стартаптар көбейіп келеді. «Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында осындай әлеуетті стартаптар таныстырылып жатыр. Солардың ішіндегі үздік отандық үш жобаға шолу жасамақпыз.

Ым тілін үйренуге ыңғайлы ресурс

Елімізде «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейне сөздігі іске қосылды. Жаңа цифрлық ресурс есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің білім алуына, қарым-қатынас жасауына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Digital Qazaqstan: Білім жүйесін не күтіп тұр?

Ілкімді технологиялар іргеленген сайын, адамзат ақыл-ойының архитектурасы да күрделене береді. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс (4.0) низамы осыны дәлелдеп отыр. Бұған дейін ел еңсесі әскери әлеуетімен, қаржылық қауқарымен биік болса, бұдан былай алгоритмге алғыр мемлекет қана өмір бәйгесінде озбақ. Осы мақсатта Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекітті. Құжат құрылымы бай. Біз сондағы білім жүйесіне тоқталғымыз келді. Сондықтан дөңгелек үстел басына сала мамандарын шақырып, тақырыпты тарқата талқыладық. Мәжіліс меймандары Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық бағдарламалар және жобалық басқару саясатын ұйымдастыру департаментінің директоры Салтанат Қозғанова, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Асыл Түймебаев, PһD Құндыз Мақсұтова, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері Біржан Ахмер, жасанды интеллект сарапшысы Нұржан Мұхтарұлы болды.

Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр

Қарағанды көшелерін енді робот-ит күзетеді. Қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында робот-ит пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу деңгейін анықтайтын жүйе

Гарвард университетінің түлегі Әсел Амангелді АҚШ-та жасанды интеллект компаниясының құрылтайшысы атанды. Ол мектеп оқушыларының үлгерімін таразылап, емтихан нәтижесін болжайтын әрі оқу үдерісіндегі олқылықтарды ерте анықтайтын жүйе жасап шығарған.

Digital: дәуір дидары

Бұдан бір ғасыр бұрын өркениет өлшемі теміржол еді. Кейін оның орнын электр желісі алмастырды. Ал қазір ол өлшем де өзгерді. Енді мемлекеттің қуаты әскери әлеуетімен ғана емес, жасанды интеллектіні жұрт игілігіне жұмылдыра алуымен бағаланады. Алгоритм игерген алғыр елдер келешегін осы бағытта кескіндемек. Біздің еліміз де сол таңдаудың табалдырығында тұр.

Сән әлеміндегі соны бастама

Сән индустриясында жасанды интеллектінің игілігін көріп отырған жобалар баршылық. Солардың бірі – кәсіпкер Мөлдір Алмасбек негізін қалаған «SoulSis» платформасы. Telegram арқылы жұмыс істейтін бұл жүйе пайдаланушының гардеробын саралап, жеке стилист қызметін цифрлық форматта ұсынады.

«Digital Qazaqstan»: Цифрлық дәуірге бетбұрыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа құжат еліміздің технологиялық дамуының ­басым бағыттарын айқындап, цифрлық мемлекет қалыптастыру ісіне жаңа серпін береді. Стратегия экономиканың түрлі саласына озық технологияларды кеңінен енгізуге, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және жасанды интеллект экожүйесін дамытуға жол ашуға тиіс.

Технология тілін үйрететін лагерь

Жетісуда цифрлық технологияларға қызығушылық танытатын жастарға арнайы алаң ашылды. Облыс орталығында орналасқан «Jetisu Digital» IT-хабының ұйымдастыруымен жазғы IT-лагерь өз жұмысын бастады. Бұл жас буынға заманауи технологиялар әлеміне тереңірек үңілуге жол ашады.