Саясат
1 мин оқу 140

ТМД: Қауіпсіздік кеңестері хатшылары кездесті

<p style="text-align: justify;">Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мем&shy;ле&shy;кеттер Достастығына мүше мем&shy;лекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XII кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республика&shy;сы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.</p>

ТМД: Қауіпсіздік кеңестері хатшылары кездесті

Тараптар Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айт­қанда, қазіргі жағдайдағы халықара­лық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақ­тастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ Ауғанстан бойынша өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әріптестеріне өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарына қатысты еліміз­дің ұстанымын хабардар етті және ұлттық мүддені ескере отырып, өзара ықпалдастықты дамыту туралы бірқатар ұсынысын жеткізді.

Бөлісу:
ТМД: Қауіпсіздік кеңестері хатшылары кездесті · Egemen Qazaqstan