Оқиға
1 мин оқу 200
ШҚО-да мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі растап отыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құзырлы органдар әскери қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеруді бастаған.
Алдын ала ақпарат бойынша ол өзіне қол жұмсаған.
«Осы жылғы 7 қараша күні Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі суицид болуы ықтимал», делінген ҰҚК хабарламасында.
Бөлісу:
