Ауа райы
1 мин оқу 130

Үш облыста жол ашылды – ҚазАвтоЖол

<p style="text-align: justify;">Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы &laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үш облыста жол ашылды – ҚазАвтоЖол

2024 жылғы 10 қарашада сағат 07:00-де Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашылды;

2024 жылғы 10 қарашада сағат 07:00–де Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды;

2024 жылғы 10 қарашада сағат 08:00-де Ақмола облысында «Астана-Петропавлск» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көлік қозғалысы ашылды;

2024 жылғы 10 қарашада сағат 08:00-де Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

Бөлісу:
Үш облыста жол ашылды – ҚазАвтоЖол · Egemen Qazaqstan